Бүкіл әлемнің футбол жанкүйерлері бүгін-ертең тағы да экранға телміреді, өйткені Еуропада Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтеді.
Сонымен қатар, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының да жартылай финалдық матчтарын тамашалаймыз. Ал, ЖБ-шоу резиденттері бүгін осы ойындарға болжам дайындады. Ермаш, Олжас, Ганс әдеттегідей әр ойынға өз болжамдарын айтты. Олардың бірі "Арсеналдың" ПСЖ-ны жеңеріне сенімді болса, өзгесі кері пікірде.
Ал, "Барселона" мен "Интер" арасындағы матчта гол көп соғылады дейді үшеуі де. Ендеше шығарылымды соңына дейін көріп, сіз де видео астына өз болжамыңызды жазып қалдырыңыз! Қалай ойлайсыз, биыл Чемпиондар лигасын қай команда жеңеді?