Реклама
Реклама

Пирс Морган өз армандағы құрамына Мессиді қоспады. Роналду, Марадона мен Зидан – бар

Редактор Offside.kz
21.06.2025, 21:12

Атақты британ журналисі әрі «Арсеналдың» жанкүйері Пирс Морган футбол тарихындағы ең үздік 11 ойыншыдан тұратын жеке құрамын жариялады

фото из открытых источников
Реклама
Реклама

Ең қызығы — бұл тізімде Лионель Месси жоқ.

«Месси менің әлемнің үздік 11 ойыншысының құрамына енген жоқ. Егер әр футболшыны мансабындағы шарықтау шегімен алсақ, менің таңдауым мынадай», – деп жазды Морган әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пирс Морганның таңдауы:
Қақпашы: Гордон Бэнкс
Қорғаныс: Кафу, Франко Барези, Паоло Мальдини, Роберто Карлос
Жартылай қорғаныс: Зинедин Зидан, Лотар Маттеус, Роналдиньо
Шабуыл: Диего Марадона, Криштиану Роналду, Роналдо (бразилиялық)

Айта кетейік, Пирс Морган – Криштиану Роналдудың ашық жанкүйері әрі бірнеше рет оның Мессиден мықты екенін айтқан.

Реклама
Реклама