Оның айтуынша, француз шабуылшысы өткен маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, марапатқа әбден лайық болған.
Париждік клубтың президенті Нассер Аль-Хелайфи Усман Дембеленің «Алтын допқа» басты үміткер екеніне сенімді.
«Егер Усман Дембеле “Алтын допты” жеңіп алмаса — бұл үлкен мәселе. Ол таңғаларлық маусым өткізді. Еш күмәнсіз, бұл сыйлықты Усман иеленуі керек. Барлығын істеді — нәтижесі де, ойыны да мінсіз», — деді Аль-Хелайфи.
2024/25 жылғы маусымда Дембеле барлық турнирде 33 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Оның көмегімен ПСЖ бір маусымда төрт трофей жеңіп алды, олардың қатарында Чемпиондар лигасы мен Лига 1 чемпионы атағы бар.
Клуб басшысы ойыншының статистикасымен қатар, ұжымдық нәтижеге қосқан үлесін ерекше бағалайтынын атап өтті.