Футбол жанкүйерлері енді Мессидің келесі қадамын тағатсыздана күтуде.
Сауд Арабияның «Аль-Ахли» клубы «Интер Майами» капитаны Лионель Мессиді өз сапына қосуды көздеп отыр. Бұл туралы L'Équipe басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Ақпарат бойынша, саудиялық клуб аргентиналық шабуылшымен 2025 жылдың желтоқсанында, яғни қазіргі келісімшарты аяқталған соң, ресми түрде келісімге келуді жоспарлап отыр. Келіссөздер бірнеше апта бұрын басталған.
Алайда «Интер Майами» жұлдыз ойыншысын командада қалдыруға ниетті. Америкалық клуб Мессидің тәжірибесі мен ықпалына әлі де сенім артады.