Реклама
Реклама

«Лион» Лига 1-дегі орнын сақтап қалды — апелляция қанағаттандырылды

Редактор Offside.kz
09.07.2025, 21:21

Өткен маусымда команда Франция чемпионатын 6-орынмен аяқтап, Еуропа Лигасына жолдама алған болатын.

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Францияның «Лион» клубы келесі маусымда да Лига 1-де өнер көрсететін болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

2023 жылдың тамызында қаржылық мониторингпен айналысатын ұйым клубқа 100 миллион еуро көлемінде трансферлік табыс табуды міндеттеген еді. Қаржылық фэйр-плей талаптарына байланысты «Лион» негізгі құрамдағы бірнеше ойыншысын трансферге қойды, алайда қажетті соманы толықтай жинай алмады.

Өткен маусымда команда Франция чемпионатын 6-орынмен аяқтап, Еуропа Лигасына жолдама алған болатын. Алайда 24 маусымда клубты Лига 2-ге түсіру туралы ақпарат тарады. Бұған жауап ретінде клуб басшылығы апелляция түсіретінін мәлімдеді.

Нәтижесінде, апелляция қанағаттандырылып, «Лион» елдің жоғарғы дивизионында қалатын болды.

Реклама
Реклама

Теги: