2025 жылдың жазында команданың тізгінін Хаби Алонсо ұстады.
Аты аңызға айналған футболшы Гарет Бэйл мадридтік «Реалдың» жаңа кезеңге аяқ басқанын мәлімдеді. Бұрынғы «Саутгемптон», «Тоттенхэм» және «Реал» ойыншысы қазіргі командаға сенім білдіріп, басты қарсыластарға ескерту жасады.
«Реалдың» жаңа дәуірі басталды — «Барселона» мен бүкіл әлем дайын болсын», – деді Бэйл Madrid Xtra дерегінше, X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, биылғы маусымда мадридтіктер УЕФА Суперкубогын жеңіп алғанымен, Ла Лигада «Барселонаға» жол берді, ал Чемпиондар лигасында ширек финалдан аса алмады.
2025 жылдың жазында команданың тізгінін Хаби Алонсо ұстады. Бұған дейін ол Германияда «Байерді» жаттықтырған болатын. Енді жаңа бапкердің басшылығымен «Реал» жаңа биіктерді бағындыруды мақсат етіп отыр.