Футболшымен келісімшарт 2029 жылдың 30 маусымына дейін жасалған
Каталониялық «Барселона» клубы жаңа ойыншымен толықты. Ресми мәліметке сәйкес, клуб «Копенгаген» командасының 19 жастағы вингері Руни Бардгджиді сатып алды.
Футболшымен келісімшарт 2029 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Трансфер құны шамамен 2 миллион еуроны құрайды, оған қосымша бонус төлемдері қарастырылған.
Өткен маусымда Бардгджи ауыр жарақат алып, алаңға небәрі 6 рет шықты. Дегенмен ол бұрынғы клубы сапында 84 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, жас футболшы бұған дейін бірнеше мәрте «Барселонаға» деген ықыласын білдіріп, бала кезінен осы клубтың жанкүйері болғанын айтқан еді.