Реклама
Реклама

Леви Колуилл: "Клубтық әлем чемпионаты – мен үшін Чемпиондар лигасынан да маңыздырақ"

Редактор Offside.kz
15.07.2025, 15:06
ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

«Челси» қорғаушысы Леви Колуилл клубтық әлем чемпионатының маңызы алдағы уақытта Чемпиондар лигасынан да асып түсетінін айтты. «Көктер» бұл турнирді екінші рет жеңіп алды – финалда ПСЖ-ны 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

– Турнир басында біз оны жеңуді жоспарлап отырмыз дегенде, көпшілік маған есі ауысқандай қарады. Қазір де солай айтқым келеді – Премьер-лига мен Чемпиондар лигасы басталар алдында. Бұл – мен жеңіп алған ең ірі трофей. Клубтық әлем чемпионаты бір күні Чемпиондар лигасынан маңыздырақ болатынына сенемін. Біз оны алғаш жеңіп алған команда болдық, – деді Колуилл ESPN-ге берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Теги: