Олар «Барселона», «Галатасарай» және Сауд Арабиясының клубтарын артта қалдырған
TyC Sports мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» қақпашы Эмилиано Мартинесті өз сапына қосу үшін «Астон Вилламен» келіссөз жүргізіп жатыр. Аргентиналық ойыншыны трансферлеу жарысында манкуниандықтар басты фаворит саналады — олар «Барселона», «Галатасарай» және Сауд Арабиясының клубтарын артта қалдырған.
Журналистердің айтуынша, Мартинеске клубтың бас бапкері Рубен Аморим ерекше қызығушылық танытып отыр. Португалиялық маман қақпашының көшбасшылық қасиеттерін жоғары бағалайды.
Өткен маусымда Эмилиано АПЛ-де 37 матч өткізді, соның 9-ында қақпасын голдан аман сақтап қалды.