Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы 22 жастағы бразилиялық қорғаушы Энцо Мендеспен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады kpl.kz.
Сол қапталдағы қорғаушы 2025 жылдың 30 қаңтары мен 19 наурызы аралығында «Елімай» сапында өнер көрсеткен. Енді ол «Оқжетпес» жейдесін киетін болады. Энцо — Бразилияның «Деспортиво» клубының түлегі. Сонымен қатар ол «Портимоненсе» (Португалия), «Лондрина» және «Лейшойнш» секілді командаларда да ойнаған.