Мбаппенің алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Редактор 1gol.kz
21.06.2025, 14:55

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе ауруханадан шыққан соң, Клубтық әлем чемпионатының үшінші турында алаңға оралуы мүмкін.

Мбаппенің алаңға қашан оралатыны белгілі болды
фото из открытых источников

Испаниялық БАҚ мәліметінше, 27 маусым күні өтетін «Ред Булл Зальцбургке» қарсы матчта франциялық форвард жасыл алаңға қайта шығуы ықтимал.

Бұл туралы журналист Серхио Киранте әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Еске салсақ, 19 маусым күні Мбаппе жедел гастроэнтеритпен ауруханаға жеткізілген болатын. Сол күні кешке ол команда жаттығу лагеріне қайта қосылды.

Бұған дейін басылымдар 26 жастағы ойыншының 22 маусымда өтетін «Пачукамен» болатын матчқа қатыспайтынын жазған еді. Оның жағдайы «Аль-Хиляльмен» (1:1) өтетін ойынды алдында күрт нашарлаған.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар