
Пеп Гвардиола — Клопптың сынына жауап берді
«Юргенді құрметтеймін, оның уәждерін де түсінемін. Бірақ турнирді біз ұйымдастырмаймыз – біз тек өз жұмысымызды істейміз.
Бұл турнирге келгеніміз – біз үшін мақтаныш. Көптеген клубтар сын айтып жатыр, себебі өздері бұл жерде жоқ. Болғандарында, оларға ұнаған болар еді».
Бұған дейін Юрген Клопп клубтық әлем чемпионатын:
«Футболдағы ең нашар идея. Ойыншылар қалпына келе алмайды. Бұрын-соңды болмаған жарақаттар болады», – деп сынға алған болатын.