
Бұл туралы Diario Sport хабарлады.
Италияндық «Интер» «Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Стегенге қызығушылық танытып отыр.
Миландықтар жақын күндері каталондық клубқа ресми ұсыныс жолдауы мүмкін. Себебі команда 36 жастағы Ян Зоммердің кетуіне дайындалып жатыр.
«Барселона» тер Стегенмен қоштасуға қарсы емес және оны тегін жіберуге әзір. Алайда неміс қақпашы клуб басшылығына ренжулі — оның айтуынша, команданың ішкі ақпараты сыртқа тарап, беделіне кері әсер еткен.
Айта кетейік, жуырда «Барса» 25 миллион еуроға «Эспаньолдан» қақпашы Жоан Гарсияны сатып алған болатын. Бұл трансфер каталондық клубтың Тер Стегенмен қоштасуға байыппен қарап отырғанын көрсетеді.