
Родриго Де Поль «Атлетико» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді
«Интер Майами» «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Родриго Де Польді қатарға қосуды көздеп отыр. Америкалық клуб пен мадридтіктер арасында ресми келіссөздер басталған.
31 жастағы аргентиналық ойыншының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін жарамды. Алайда Де Польдің өзі МЛС-ке, нақтырақ айтсақ, Лионель Месси өнер көрсетіп жүрген командаға баруға дайын екені хабарлануда.
Родриго Де Поль «Атлетико» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол Ла Лигада 34 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Аргентиналық дуэт МЛС-те қайта қауыша ма? Жанкүйерлер асыға күтіп отыр.