Еуропалық клуб Ислам Чесноковқа қатысты шешім қабылдады

Редактор 1gol.kz
08.07.2025, 12:52
Еуропалық клуб Ислам Чесноковқа қатысты шешім қабылдады
ашық дереккөзден

Шотландияның «Хартс» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың трансферіне қатысты нақты шешімге келген. Бұл туралы Edinburgh Evening News журналисі Барри Андерсон мәлімдеді, деп хабарлайды BorodAbata.kz.

«Шын мәнінде, «Хартс» Чесноковты бұл жазда-ақ алуға дайын. Бірақ тек шағын сомаға. Себебі ол клубпен келісімге келіп қойған. Сондықтан олар оны бәрібір өз ойыншысы деп санайды және қазір екі басқа вингермен келіссөз жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, олар Исламды қаңтарда тегін алуды күтіп отыр», – дейді Андерсон.

Айта кетейік, Ислам Чесноковтың қазіргі келісімшарты «Тобылмен» 31 қазанда аяқталады. 25 жастағы ойыншы биылғы маусымда 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Осылайша, талантты футболшыны еркін агент ретінде қыста Еуропаға жол тартуы әбден мүмкін.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0

Теги:

×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар