Винисиус Жуниор енді «Реалдың» негізгі жоспарында жоқ — клуб шабуылшыны сатуға дайын

Редактор 1gol.kz
12.07.2025, 21:56

Ойыншының мадридтік клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Винисиус Жуниор енді «Реалдың» негізгі жоспарында жоқ — клуб шабуылшыны сатуға дайын
ашық дереккөзден

Fichajes порталы таратқан дерекке сәйкес, мадридтік «Реал» бразилиялық вингер Винисиус Жуниормен қоштасуға әзір. Бұл шешім оның Клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы нәтижесіз ойынынан кейін қабылданған. Клуб басшылығы шабуылшыны 150 миллион еуро көлеміндегі ұсыныс түссе, сатуға қарсы емес.

25 жастағы Винисиус өткен маусымда барлық турнирде 58 матч өткізіп, 22 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген. Соңғы жылдары оған ПСЖ, «Челси» және «Манчестер Юнайтед» сынды алпауыт клубтар қызығушылық білдірген.

Айта кетейік, ойыншының мадридтік клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар