
ПСЖ турнир барысында 75 миллион доллар табысқа қол жеткізді.
АҚШ-та өткен Клубтық әлем чемпионаты «Челси» үшін қаржылық тұрғыда да табысты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша лондондық клуб 115,625 миллион доллар көлемінде сыйақы алды.
Финалда «синие» басты фаворит саналатын ПСЖ-ны 3:0 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, басты жүлдені иеленді. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 1 миллиард доллар болды.
Топтық кезеңдегі әр жеңіс — 2 млн доллар, тең ойын — 1 млн доллар. «Челси» екі жеңіске жетіп, бір матчта жеңілді.
ПСЖ турнир барысында 75,625 миллион доллар табысқа қол жеткізді.