Реклама
Реклама

Клубтық ЧМ алдында Месси мен Роналдуны салыстырды

Редактор Offside.kz
23.06.2025, 17:01

"Палмейрас" қорғаушысы Мурило Серкейра клубтық әлем чемпионаты аясындағы шешуші матч қарсаңында Лионель Месси мен Криштиану Роналдуны салыстырды.

фото из открытых источников
Реклама
Реклама

«Мен Роналду жағындамын. Ол – әмбебап футболшы. Оның тәртібі, режимі – нағыз үлгі. Мен дәл осы қасиеттеріне қарап бой түзеймін», – деді Серкейра.

24 маусым – Месси туған күнінде «Палмейрас» пен «Интер Майами» арасындағы шешуші кездесу өтеді. «Интерге» плей-оффқа шығу үшін тең нәтиже жеткілікті. Ал Серкейра матчта гол соқса, Роналдудың танымал "Siuuuu" стиліндегі гол тойын қайталайтынын уәде етті.

«Мессиді тоқтату – Майамидің шабуыл қуатын сөндірумен тең. Мен сол міндетке толық дайынмын», – деп атап өтті қорғаушы.

Месси — топтық кезеңде ең көп соққы жасаған, шабуыл сәттерін құрған және дриблинг бойынша көш бастаған футболшы. Бірақ бразилиялық қарсыласы оған бір сәт те тыныштық беруге ниетті емес.

Реклама
Реклама