Реклама
Реклама

Луис Энрике: «Интер Майамиге» қарсы ойнау бізге оңай соқпайды»

Редактор Offside.kz
29.06.2025, 14:08

Бүгін Клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында Пари Сен-Жермен мен Интер Майами алаңға шығады. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.

 

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Матч алдында ПСЖ бас бапкері Луис Энрике қарсылас туралы пікір білдіріп, америкалық клубтың тәжірибелі жұлдыздарына жоғары баға берді.

«Футболда 10 секундқа ғана босаңсыған ойыншы не боларын жақсы біледі. “Интер Майамидің” деңгейі мен шеберлігіне күмән жоқ – олар әлі де өз бабында. Турнирдегі үш ойынын да көрдім, оған дейінгі бірнеше матчтарын да қарап шықтым – олар осы жарысқа дайын екенін көрсетіп жүр», – деді Энрике.

Маманның айтуынша, егер ПСЖ жоғары прессинг көрсете алмаса, ойын бақылауы қарсыластың қолына өтеді.

«Егер біз прессингпен қысым жасай алмасақ, қиын болмақ. Мячқа ие бола алмасақ, жағдай одан бетер қиындайды. Бускетс баяғыдай өз биігінде. Месси – доппен ойнаудың нағыз шебері. Луис Суарестің соңғы голын көрдіңіздер ме? – бұл нағыз шеберлік. Жорди Альба тереңнен ойынды құрып жүр, ол да сол баяғы деңгейде», – деді бапкер.

Сонымен қатар, Энрике Лео Месси мен Жорди Альба арасындағы байланысқа ерекше тоқталды.

«Футбол әлемі Леоның Жордиге жасаған пасын жақсы біледі. Бірақ бұл байланыс әлі күнге дейін әр матчта қайталанып жүр», – деді Энрике.

Ақырында, ПСЖ бапкері Интер Майамидің бас бапкері Хавьер Маскераноны да ерекше атап өтті:

«Маскерано секілді бапкерге қарсы ойнағанда, не біз жоғары қарқын мен шеберлікті сақтап, бар күшімізді саламыз, не олар бұл кездесуді оңай-ақ өз пайдасына шешеді. Бұл – шындық», – деп түйіндеді Луис Энрике.

Реклама
Реклама