Реклама
Реклама

Роналду Сауд Арабиясына баруға кеңес береді: «Бұл елдің мәдениеті тамаша, мұнда өзімді жайлы сезінемін»

Редактор Offside.kz
29.06.2025, 15:14

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы туралы жылы пікір білдіріп, адамдарды бұл елге келіп, өз көзімен көруге шақырды.

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

«Меніңше, ешкімді арнайы үгіттеудің қажеті жоқ. "Келіңіздер, өздеріңіз көріңіздер!" – айту жеткілікті», – деді "Аль-Наср" шабуылшысы.

Қазір Роналду отбасымен Қызыл теңіз жағалауында демалып жатқанын атап өтіп, мұнда жиі келуінің себебін түсіндірді:

«Мен мұнда жайдан-жай келмеймін. Бұл жер маған ұнайды, отбасым да осында өзін жайлы сезінеді. Мұнда мен шынайы тыныштықты сезінемін», – деді ол.

Футболшы Сауд Арабиясының тек туристік өңірлерін емес, Эр-Рияд пен Джидда қалаларын да ерекше атап өтті.

«Сауд Арабиясы маған ұнайды. Мұнда көп нәрсе өзгерген. Ел тарихын білемін, бұл жерде оң өзгерістер жүріп жатыр. Мәдениеті бай, халқы қонақжай. Сондықтан бұл елге келіп көруді баршаға кеңес беремін», – деп түйіндеді Роналду.

Реклама
Реклама