Аңыз шабуылшы Златан Ибрагимович «Интер Майамидің» клубтық чемпионаттағы сәтсіздігі үшін Лионель Мессиді кінәламауға шақырды.
Флоридалық клуб 1/8 финалда ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңіліп, жарыстан шығып қалған болатын.
«Жоқ, жоқ, бұл жеңілісті Мессиге жаба көрмеңіздер! Бұл – «Интер Майамидің» жеңілісі.
Месси жанында команда емес, мүсіндермен ойнап жүр!
Егер ол Парижде, Манчестерде немесе басқа да үлкен клубта болғанда, нағыз арыстанды көретін едіңіздер», – деді Златан.
Златанның бұл мәлімдемесі Мессидің деңгейін емес, оның айналасындағы команданың әлсіздігін меңзеп тұр.