Реклама
Реклама

Дибала «Ливерпульдің» назарында — аргентиналық жұлдыз АПЛ-ға ауысуы мүмкін

Редактор Offside.kz
08.07.2025, 13:56

Ол 2025 жылдың наурызынан бері жарақатына байланысты алаңға шықпаған.

пресс-служба "Рома"
Реклама
Реклама

«Рома» жартылай қорғаушысы Пауло Дибала Англия чемпионатына ауысуы мүмкін. Il Romanista басылымының хабарлауынша, «Ливерпуль» 31 жастағы аргентиналық ойыншыға қызығушылық танытып, оның агентімен байланысқа шыққан.

Дибала 2025 жылдың наурызынан бері жарақатына байланысты алаңға шықпаған. Алайда өткен маусымда ол 36 матчта 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Егер трансфер жүзеге асса, бұл мерсисайдтықтар үшін тәжірибелі әрі шабуылға креатив қосатын маңызды толықтыру болмақ.

Реклама
Реклама