Реклама
Реклама

Луис Диас «Бавариямен» жеке келісімшарт талаптарын мақұлдады — Bild

Редактор Offside.kz
08.07.2025, 14:33

Футболшыға «Барселона» да қызығушылық танытып отыр.

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

«Ливерпульдің» колумбиялық вингері Луис Диас «Бавариямен» жеке келісімшарт бойынша толық келісімге келген. Бұл туралы немістің Bild басылымы хабарлады.

Футболшыға «Барселона» да қызығушылық танытып отыр. Каталондық клуб Нико Уильямстың трансфері жүзеге аспағаннан кейін назарын Диасқа бұрған.

Өткен маусымда Луис Диас 50 матч өткізіп, 17 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді. Егер трансфер аяқталар болса, бұл «Бавария» үшін маңызды шабуыл күшейтуі болмақ.

Реклама
Реклама