Реклама
Реклама

Виллаш-Боаш: «Біз Жотаны “Портуға” қайтару үшін жұмыс істеп жатқан едік...»

Редактор Offside.kz
08.07.2025, 14:58

Оның айтуынша, клуб Диогу Жотаны 2026/27 маусымына қайта шақыруды жоспарлаған.

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

«Порту» клубының президенті Андре Виллаш-Боаш қайғылы жағдайға байланысты жүрек тебірентерлік мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, клуб Диогу Жотаны 2026/27 маусымына қайта шақыруды жоспарлаған.

«Біз агент Жорже Мендешпен бірге Жотаны “Портуға” қайтару жолында жұмыс істедік. Өкінішке қарай, енді бұл орындалмайтын арманға айналды. Бұл мүмкіндік 2026/27 маусымына қатысты еді. Мен осы жаңалықты Жотаның өзіне тойында Жорже арқылы жеткізуді жөн санадым. Бұл — “Порту” жанкүйерлерінің арманы болатын», — деді Виллаш-Боаш (дереккөз: Mirror).

Еске салайық, Диогу Жота 3 шілде күні жол апатынан қаза тапты. Lamborghini көлігі жарылған дөңгелектен соң басқарудан шығып, кюветке құлап, отқа оранған. Көлікте Жота мен оның інісі болған.

Реклама
Реклама

Теги: