Лига тарихында бұрын-соңды ешкім қайталамаған рекорд орнатты.
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Америка футбол лигасының (МЛС) жаңа тарихи жетістігін бағындырды. 38 жастағы аргентиналық жұлдыз «Нью-Инглэнд Революшн» қақпасына дубль жасап (2:1), лига тарихында бұрын-соңды ешкім қайталамаған рекорд орнатты.
МЛС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Месси — лига тарихында қатарынан төрт матчта екі және одан көп гол соққан алғашқы ойыншы.
Осыған дейінгі үш кездесуде де аргентиналық шабуылшы жарқырай ойнаған:
«Клёб де Фут Монреальға» қарсы — 2 гол + 1 пас (4:1)
«Коламбус Крюға» қарсы — 2 гол + 2 пас (5:1)
Қайтадан «Монреальмен» өткен матчта — 2 гол + 1 пас (4:2)
Осылайша, 2025 жылдың 25 мамырынан бері Лионель Мессидің МЛС аясындағы 4 матчтағы статистикасы — 8 гол, 7 нәтижелі пас.