Реклама
Реклама

Щенсны: «Ямал — ерекше талант, бірақ Неймар секілді шоу жасауы үшін өз болмысын сақтауы керек»

Редактор Offside.kz
10.07.2025, 17:04

Ламин Ямаль өткен маусымда «Барселона» сапында 55 матч өткізіп, 18 гол және 25 ассистпен көзге түсті.

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

«Барселонаның» қақпашысы Войцех Щенсны жас жұлдыз Ламин Ямалды Неймармен салыстыруға қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, футболдағы шоу мен еркіндік – Неймардың табиғи болмысы, сондықтан оны сынға алуға болмайды.

«Ламин Ямалды Неймармен жиі салыстырады. Бірақ көп адам Неймар басқа мінезбен ойнағанда әлдеқайда биікке көтерілер еді дейді. Меніңше, егер ол өмір мен футболға басқаша қарағанда, біз Неймарды дәл осылай қабылдамас едік. Оның шоуы – даралығының бір бөлігі», – деді Щенсны Mundo Deportivo басылымына.

Айта кетейік, Ламин Ямаль өткен маусымда «Барселона» сапында 55 матч өткізіп, 18 гол және 25 ассистпен көзге түсті. Сонымен қатар, ол Испания құрамасымен Ұлттар лигасының финалына дейін жетті.

Реклама
Реклама