Реклама
Реклама

Ла Лига президенті Нико Уильямстың трансферінің болмауына қатысты пікір білдірді

Редактор Offside.kz
12.07.2025, 16:57
ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Испания Ла Лигасының президенті Хавьер Тебас «Барселона» мен Нико Уильямс арасындағы трансфердің жүзеге аспай қалуына қатысты ойын айтты.

«Мен Уильямстың өзін тіркеуге кепілдік сұрағанын оқыдым. Нақты талаптарын білмеймін, бірақ “Барселона” оған қажетті кепілдікті бере алмаған сияқты. Менің ойымша, “Барселона” әлі де өткен маусымдардағыдай жағдайда қалып отыр — жаңа ойыншылармен келісімшартқа отырып, соңғы сәтке дейін күтіп жүреді. Бұл жағдай кейбір жұлдыздардың белгісіздікке бармай, тәуекел етуден бас тартуына әкелуі мүмкін», — деді Тебас Barca News порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін «Барселона» УЕФА-ның 1:1 ережесіне байланысты бірнеше ойыншыны уақытылы тіркей алмай қалған еді.

 

 

 

 

 

Реклама
Реклама

Теги: