Transfermarkt порталы Конатенің нарықтық құнын 60 миллион еуро деп бағалайды.
«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клуб басшылығына мадридтік «Реалға» ауысқысы келетінін жеткізді. Marca мәліметінше, 26 жастағы француз футболшысы осы жазғы трансферлік кезеңде-ақ «корольдік клуб» сапына қосылуға дайын.
«Ливерпуль» басшылығы Конатені сатуға қарсы емес, себебі клуб бұған дейін Александр-Арнольдты тегін жоғалтқан соң, осындай жағдайдың қайталануын қаламайды. Айта кетейік, Конатенің ағылшын клубымен келісімі келесі жылы аяқталады.
Футболшының өзі тек «Реалға» ауысу нұсқасын қарастыруда. Өткен маусымда ол «қызылдар» сапында 42 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы Конатенің нарықтық құнын 60 миллион еуро деп бағалайды.