Реклама
Реклама

«Барселона» жас шабуылшыны өз қатарына қосқысы келеді

Редактор Offside.kz
18.07.2025, 20:13

Ақпаратқа сәйкес, каталондықтардың скауттары 18 жастағы футболшыны соңғы бір жыл бойы бақылап келген

ашық дереккөзден
Реклама
Реклама

Каталониялық «Барселона» бразилиялық «Палмейрас» клубының шабуылшысы Рикельме Филлипиге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, каталондықтардың скауттары 18 жастағы футболшыны соңғы бір жыл бойы бақылап келген. Олар Филлипидің шабуыл шебіндегі әмбебаптығын ерекше атап өтеді – жас ойыншы үш түрлі позицияда ойнай алады.

Өткен маусымда Рикельме жоғары нәтиже көрсетіп, 29 матчта 19 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Алдағы уақытта «Барселона» оның трансфері бойынша ресми келіссөздерді бастайды деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Теги: