Жақын күндері каталониялық клуб 27 жастағы ағылшын шабуылшысын «Манчестер Юнайтедтен» жалға алуды ресми түрде рәсімдемек.
Танымал инсайдер Фабрицио Романо Маркус Рэшфордтың «Барселонадағы» жалақысы жайлы мәліметті әлеуметтік желіде жариялады. Жақын күндері каталониялық клуб 27 жастағы ағылшын шабуылшысын «Манчестер Юнайтедтен» жалға алуды ресми түрде рәсімдемек.
Романоның айтуынша, Рэшфорд жалақысының 15 пайызын қысқартуға келіскен. Енді «Барселона» оған салыққа дейін 14 миллион еуро төлейді. Ал «Манчестер Юнайтед» футболшының жалақысын төлеуден толықтай босатылады.
Аренда мерзімі аяқталған соң каталондық клуб Маркусты 30 миллион еуроға сатып ала алады. Айта кетейік, бұл трансфер жүзеге асса, «Барселона» сапында 1989 жылдан бері алғаш рет ағылшын ойыншысы ойнайтын болады.