Қызылдар сапында Салах 401 матч өткізіп, 245 гол соғып, 113 нәтижелі пас берген.
«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах өз деңгейіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, ол Африкадан шыққан ең үздік футболшы және бұл атаққа бұрынғы атақты ойыншылар – Дидье Дрогба, Джордж Веа, Яя Туре мен Самюэль Это’О да тең келе алмайды.
«Мен өзімді Африка футболының тарихындағы ең үздік ойыншы деп есептеймін», – дейді Салах France Football басылымына берген сұхбатында. Бұл сөзді журналист Джанлука Ди Марционың ресми сайты да келтіреді.
Айта кетейік, египеттік футболшының «Ливерпульмен» келісімі тағы екі жылға созылады. Қызылдар сапында Салах 401 матч өткізіп, 245 гол соғып, 113 нәтижелі пас берген.