
«Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп Англия Премьер-лигасындағы жеңіспен «қызылдарды» құттықтады.
Клопп кеткеннен кейінгі алғашқы маусымда-ақ «Ливерпуль» Премьер-лига чемпионы атанды. Команда бұл жетістікке турнирдің аяқталуына төрт тур қалғанда қол жеткізді.
Тоғыз жыл «Ливерпульді» жаттықтырған Клопп клубтан өткен жазда кеткен болатын. Алайда неміс маманы бұл жетістікті назардан тыс қалдырмай, өз ризашылығын білдіріп, команданың болашағына сенімді екенін жазды.
– Өткен үшін аса ризамын. Қазіргі сәтке қатты қуаныштымын. Болашаққа өте сенімдімін! Құттықтаймын – YNWA. Рақмет, сүйіктілерім, – деп жазды Клопп Instagram парақшасында.