
«Челси» шабуылшысы Николас Джексон командасының Премьер-лигада үздік бестікке еніп, Чемпиондар лигасына жолдама алатынына сенімді.
Өткен сенбіде «Челси» Джексонның алғашқы таймда соққан голының арқасында «Эвертонды» 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде үздік бестікке енді.
Маусымның соңына дейін лондондықтар «Ливерпуль», «Ньюкасл», «Манчестер Юнайтед» және «Ноттингем Форестпен» ойнайды. Соған қарамастан, Джексон команданың күшіне сенеді.
– Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымын, және менің гол соққаным да маңызды. Бұған дейін осы позициядан үш рет бағананы көздеген едім, енді міне, гол соғып, жеңіс сыйладым, – деді Джексон.
– Жарақаттан енді ғана оралдым және өз деңгейіме қайта келіп жатырмын. Доп соққан сәтте өзіме сенімді болдым – ол қақпаға дөп кірді.
– Біз Чемпиондар лигасының аймағында аяқтайтынымызға сенеміз. Қазір әр команда үшін бұл маңызды, бәрі бізге байланысты. Енді келесі ойынға бар назарымызды салуымыз керек, – деп келтіреді Джексонның сөзін The Independent.