Адам Лаллана мансабын аяқтады

Редактор 1gol.kz
25.06.2025, 14:53

37 жастағы ағылшын футболшысы Адам Лаллана бүгін кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді.

 

Адам Лаллана мансабын аяқтады
Фото: IMAGO

Лаллана – «Саутгемптон» клубының түлегі. Ол академияға 2000 жылы қабылданып, негізгі құрамдағы дебютін 2006 жылы өткізген. 2014 жылы «Ливерпульге» ауысып, клубпен бірге Англия чемпионатын, Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

2020 жылы «Брайтонға» ауысқан Лаллана былтыр туған клубына қайта оралды. Жалпы, «Саутгемптон» сапында 283 матч өткізген.

Англия құрамасында 34 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанған.

 

 

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар