
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Клубтық әлем чемпионатының екінші турында Бразилияның «Ботафого» командасынан 0:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды 1gol.kz.
Ойын АҚШ-тың Пасадена қаласындағы «Роуз Боул» стадионында өтті. Жалғыз голды 36-минутта Игор Жезус соқты.
Бұл — «Ботафогоның» турнирдегі екінші жеңісі. Бұған дейін олар «Сиэтл Саундерсті» 2:1 есебімен ұтқан. Ал ПСЖ алғашқы турда «Атлетиконы» 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді.
Келесі шешуші тур 23-нен 24-маусымға қараған түні өтеді:
– ПСЖ — «Сиэтл Саундерс»
– Ботафого — «Атлетико Мадрид»
В тобындағы жағдай ушығып тұр!