Ямаль да емес, Дембеле де емес… «Алтын допқа» басты үміткер кім?

Редактор 1gol.kz
20.06.2025, 17:56

Футбол жанкүйерлері күтпеген есімді талқылап жатыр.

Ямаль да емес, Дембеле де емес… «Алтын допқа» басты үміткер кім?
©x.com/ballondor

TNT Sports дерегінше, жылдың басты жүлдесіне — «Алтын допқа» үміткерлер рейтингінің көшін ПСЖ мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Витинья бастап тұр.

24 жастағы ойыншы өз командаластары Усман Дембеле мен Нуно Мендешті ғана емес, «Барселонаның» басты таланттары Ламин Ямаль мен Рафинья Диасты да артта қалдырған.

Витинья не үшін фаворит атанды?

Жуырда ол Португалия сапында Ұлттар лигасын жеңіп алды. Финалда команда Испанияны пенальти сериясында жеңді (2:2, 5:3). Сонымен қатар, Витинья ПСЖ құрамында барлық ішкі титулды иеленіп, клуб тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасы жеңісіне де өз үлесін қосты.

2024/25 маусымындағы көрсеткіштері:
– 53 матч
– 8 гол
– 3 нәтижелі пас
Transfermarkt бағалауы бойынша — 80 млн еуро

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар