"Челси" клубтық әлем чемпионатында күтпеген жеңілісқа ұшырады

Редактор 1gol.kz
21.06.2025, 11:59

Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі сенсацияның бірі Филадельфияда тіркелді. "Фламенго" екінші тур аясында "Челсиді" 3:1 есебімен жеңіп, D тобының жеке көшбасшысы атанды.

"Челси" клубтық әлем чемпионатында күтпеген жеңілісқа ұшырады
Фото: © David Ramos

Ойын Лондон клубының басымдығымен басталды. 13-минутта Педру Нету есеп ашып, ағылшындар бірінші таймда басым түсті. Алайда үзілістен кейін бразилиялықтар ойынды түбегейлі өзгертіп жіберді.

62-минутта Бруно Энрике таразы басын теңестірді, ал үш минут өткен соң Данило "Фламенгоны" алға шығарды.
65-минутта "Челси" шабуылшысы Николас Джексон алаңға шыққан бойда қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.
Мұны тиімді пайдаланған "Фламенго" 83-минутта Уоллас Янның голымен жеңісті бекітті – 3:1.

Бұл жеңістен кейін "Фламенго" екі турдан кейін 6 ұпай жинап, топта жеке көш бастады.
"Челси" мен "Эсперанс" – 3 ұпайда, ал "Лос-Анджелес" әлі де алғашқы ұпайын еншілей алмай отыр.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар