Жером Ротен Мессидің «ПСЖ»-дағы ойынына сын айтты

Редактор 1gol.kz
25.06.2025, 15:01

Франциялық экс-футболшы Жером Ротен Лионель Мессидің «ПСЖ»-дағы ойынын қатты сынға алды.

Жером Ротен Мессидің «ПСЖ»-дағы ойынына сын айтты
фото из открытых источников

Париж клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жером Ротен Лионель Мессидің «ПСЖ»-дағы өнеріне көңілі толмағанын ашық айтты:

«Оның ойыны да – шала. Мен «Парк де Пренс» стадионындағы Мессидің барлық ойынын тамашаладым, біреуін де өткізіп алмадым. Бірақ оның алаңда жай ғана жүріп жүргенін көргенде...

Әрине, доп аяғына тигенде стадион жарқырап, көрерменнің демі ішіне тартылады – ол шынымен де данышпан. Бірақ «ПСЖ»-дағы матчтарда ол өзін толық арнамады, бұл – бәріне аян.

Ал енді осы туралы үнсіз жүргендер – бұл Месси болғаны үшін ғана үндемейтіндер – олардың батылдығы жоқ».

– деді Ротен.

 

 

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар