
Британдық FourFourTwo журналы әлемдегі ең мықты бапкерлер рейтингін жариялады.
Сарапшылар мен редакция мүшелері тактика, командамен жұмыс істеу қабілеті және соңғы жетістіктерді бағалай отырып, әрқайсысы үздік 20 бапкерді таңдаған. Нәтижесінде 50 бапкердің есімі аталды.
🔝 ТОП-3:
Луис Энрике (ПСЖ)
Арне Слот (Ливерпуль)
Симоне Индзаги (Интер / Аль-Хилаль)
Ал үздік бестікке Пеп Гвардиола мен Ханс-Дитер Флик те енді.
Айта кетерлік есімдер:
Хаби Алонсо – 6-орында
Анчелотти – 10-орында
Симеоне, Эмери, Артета мен Конте де үздіктер қатарында
Скалони, Нагельсманн, Дешам мен Тухель рейтингтің орта тұсында