
Тони Кроос өткен жазда кәсіби мансабын аяқтаған болатын
«Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос мадридтік клубтың шабуылшылары — Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниорға маңызды кеңес айтты. Неміс футболшысы Goal порталына берген сұхбатында, бұл екі жұлдыздың тек шабуылмен шектелмей, қорғанысқа да көмектесуі керек екенін жеткізді.
«Жақсы футболшылар бірге ойнай алады және ойнауы тиіс. Бірақ олар қорғаныста да жұмыс істеуі керек. Мен үшін шабуыл мен қорғаныс — бір-бірінен ажырамайтын дүние», — деді Кроос.
Айта кетейік, Тони Кроос өткен жазда кәсіби мансабын аяқтаған болатын. Ол «Реал» сапында 10 маусым ойнап, клуб тарихындағы ең тұрақты және табысты ойыншылардың бірі атанды.