38 жастағы Месси МЛС тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді

Редактор 1gol.kz
10.07.2025, 09:49

Лига тарихында бұрын-соңды ешкім қайталамаған рекорд орнатты.

38 жастағы Месси МЛС тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді
Фото: © Chris Arjoon

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси Америка футбол лигасының (МЛС) жаңа тарихи жетістігін бағындырды. 38 жастағы аргентиналық жұлдыз «Нью-Инглэнд Революшн» қақпасына дубль жасап (2:1), лига тарихында бұрын-соңды ешкім қайталамаған рекорд орнатты.

МЛС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Месси — лига тарихында қатарынан төрт матчта екі және одан көп гол соққан алғашқы ойыншы.

Осыған дейінгі үш кездесуде де аргентиналық шабуылшы жарқырай ойнаған:

  • «Клёб де Фут Монреальға» қарсы — 2 гол + 1 пас (4:1)

  • «Коламбус Крюға» қарсы — 2 гол + 2 пас (5:1)

  • Қайтадан «Монреальмен» өткен матчта — 2 гол + 1 пас (4:2)

Осылайша, 2025 жылдың 25 мамырынан бері Лионель Мессидің МЛС аясындағы 4 матчтағы статистикасы — 8 гол, 7 нәтижелі пас.

 

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар