
Оның «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды.
Клубтық әлем чемпионатындағы сәтсіз ойындардан кейін мадридтік «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниордың клубтағы жағдайы қиындады. Хаби Алонсоның командасы жартылай финалда ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңілді, ал бразилиялық шабуылшының АҚШ-тағы өнері көңілден шықпады.
Команданың ішіндегі пікірге сүйенсек, Винисиус шешуші сәттерде сенімді ойнай алмай, Килиан Мбаппемен де байланыс орната алмаған. Осы жағдайдан кейін клуб президенті Флорентино Перес Винисиустың «сатылмайтын» мәртебесін жойған. Бұл туралы Fichajes порталы хабарлады.
Айта кетейік, Винисиус Жуниордың «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды.