
Келісімшарт мерзімі – 2031 жылдың жазығына дейін.
Ганалық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Мохаммед Кудус ресми түрде Лондонның «Тоттенхэм» клубына ауысты. Келісімшарт мерзімі – 2031 жылдың жазығына дейін.
Transfermarkt мәліметінше, ағылшындық клуб Кудусті «Вест Хэмнен» 63,8 миллион еуроға сатып алған.
— Мұнда келгеніме қуаныштымын. Жанкүйерлер менің алаңдағы ойынымды лайықты бағалайды деп үміттенемін, – деді Кудус клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Өткен маусымда Мохаммед АПЛ аясында 32 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.