
«ПСЖ» жексенбі күні финалда «Челсимен» кездеседі.
Италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма өзінің болашағына қатысты шешім қабылдады. Қазір оның «ПСЖ»-мен келісімшарты бір жыл ішінде аяқталады, ал ойыншыға Премьер-лиганың үш бірдей топ-клубы қызығушылық танытып отыр.
Алайда Get French Football News мәліметінше, Доннарумманың басты таңдауы — «ПСЖ»-мен келісімшартты ұзарту. Қақпашының болашағына қатысты нақты шешім Клубтық әлем чемпионатынан кейін белгілі болады.
Еске салсақ, «ПСЖ» жексенбі күні финалда «Челсимен» кездеседі.