Флик тер Штегенге: «Сен енді негізгі қақпашы емессің» — Sport.es

Редактор 1gol.kz
11.07.2025, 20:00

33 жастағы тер Штеген «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді.

Флик тер Штегенге: «Сен енді негізгі қақпашы емессің» — Sport.es
ашық дереккөзден

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик команда қақпашысы Марк-Андре тер Штегенмен жеке сөйлесіп, оның енді негізгі құрам ойыншысы болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы испандық Sport.es хабарлады.

Басылым дерегінше, Флик қазіргі жазда сатып алынған қақпашы Жоан Гарсияның трансфері клуб үшін стратегиялық шешім болғанын түсіндірген. 24 жастағы Гарсияға бапкерлік штаб пен спорттық басшылық толық сенім артып отыр.

Сонымен қатар Флик тер Штегенге клубтан кетпеуді, керісінше, негізгі орын үшін күресуді ұсынған.

Айта кетейік, 33 жастағы тер Штеген «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 422 матчқа қатысып, 175 ойында қақпасын голдан сақтап қалған. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтық құны – 12 миллион еуро.

Клуб неміс қақпашысының кез келген шешіміне құрметпен қарайтынын да атап өткен.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар