Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын баптауы мүмкін

Редактор 1gol.kz
13.07.2025, 21:31

Қазіргі таңда Өзбекстан футбол қауымдастығы неміс маманмен келіссөздер жүргізіп жатыр

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын баптауы мүмкін
ашық дереккөзден

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лёв Өзбекстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы ықтимал. Бұл туралы Championat.Asia хабарлады.

Қазіргі таңда Өзбекстан футбол қауымдастығы неміс маманмен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер Лёв ұсынысты қабылдаса, қазіргі бас бапкер Тимур Кападзе оның жаттықтырушылар штабына қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар