Мареска бір жылда екі трофей жеңіп алды

Редактор 1gol.kz
14.07.2025, 09:22

Италиялық маман өткен жылдың жазында бас бапкер қызметіне келген.

Мареска бір жылда екі трофей жеңіп алды
ашық дереккөзден

Лондондық «Челси» Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ПСЖ-ны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Бұл Энцо Мареска үшін маусымдағы екінші трофей болды – бұған дейін ол командасын Конференциялар лигасының кубогына жеткізген еді.

Италиялық маман өткен жылдың жазында бас бапкер қызметіне келген. Алғашқы толық маусымында-ақ «Челси» Еурокубок жеңіп, Англия Премьер-лигасында үздік төрттікке кіріп, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Финалдағы сенімді жеңіс пен маусым бойғы тұрақты ойын – клубтың Марескамен жаңа дәуірге аяқ басқанын аңғартады.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0

Теги:

×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар