
18 жастағы футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталуы тиіс
Лондондық «Арсеналдың» жас шабуылшысы Итан Нванери клубпен жаңа келісімшартқа қол қоюға келісімін берді. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
18 жастағы футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталуы тиіс. Transfermarkt дерегінше, Нванеридің нарықтық құны – 55 миллион еуро.
Ағылшын Премьер-лигасының өткен маусымында Итан 26 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Маусым қорытындысында «Арсенал» турнир кестесінде екінші орынды иеленді.