
2024/25 жылғы маусымда ол командасымен бірге Испания чемпионы, ел кубогы мен Суперкубоктың иегері атанды.
«Барселонаның» жас вингері Ламин Ямаль клубтың аты аңызға айналған ойыншылары — Диего Марадона, Роналдиньо мен Лионель Мессидің жолын жалғастыруды армандайтынын айтты.
Каталондық клуб 18 жастағы Ямальдың алдағы маусымнан бастап 10-нөмірмен ойнайтынын ресми түрде жариялады. Бұл нөмірмен әр жылдары дәл осы үш футбол аңызы «Барселона» намысын қорғаған еді.
– Мессиден, Роналдиньодан, Марадонадан бар жақсы қасиетті алғым келеді. Солардың қалдырған ізімен жүріп, мұраларын жалғастырсам деймін, – деді Ламин Ямаль AS басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ямаль — «Барселона» академиясының түлегі. 2024/25 жылғы маусымда ол командасымен бірге Испания чемпионы, ел кубогы мен Суперкубоктың иегері атанды.