«Миланның» бас бапкері Массимилиано Аллегри алдағы маусымдағы басты мақсатты атады

Редактор 1gol.kz
21.07.2025, 15:12

Аллегри бұл міндеттің оңай болмайтынын да атап өтті

«Миланның» бас бапкері Массимилиано Аллегри алдағы маусымдағы басты мақсатты атады
ашық дереккөзден

Италиялық «Миланның» тізгінін жуырда ғана қолына алған Массимилиано Аллегри жаңа маусымға қатысты негізгі мақсатымен бөлісті. La Gazzetta dello Sport басылымына берген сұхбатында ол:

«Менің назарым – басты мақсатта. Ол – 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасына жолдама алу. Бұл клубтың бренді мен қаржылық тұрақтылығы үшін өте маңызды», – деді.

Аллегри бұл міндеттің оңай болмайтынын да атап өтті. Оның айтуынша, команда үлкен еңбек етуі керек. Айта кетейік, Аллегри мамыр айында «Миланның» бас бапкері болып тағайындалды. Өткен маусымда португалиялық Сержиу Консейсау баптаған «россонерилер» Серия А-ны сегізінші орынмен аяқтап, еурокубоктардан тыс қалған еді.

Ваша реакция
👍 0
👎 0
😆 0
😡 0
×
ҚПЛ АПЛ Ұлттық құрама Ла Лига А Сериаясы Жаңалықтар